Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақкөл» мешiтi (Суреттер)

«Ақкөл» мешiтi

 Талас ауданы Ақкөл аулында халық қаржысына 1996 жылы салынған. 90 адамға арналған. Жерінiң аумағы 0,343. Ғимараттың көлемi 278,2 шаршы метр, биiктiгi 4 метр. 5 бөлмеден тұрады. Намаз оқитын үлкен бөлменiң ауданы 116,9, дәрiс бөлмесi 51,2, имамның бөлмесi 10,3, кезекшiлер бөлмесi 2,708, қоймасы 108 шаршы метр. Еденіне киiз, кiлем төселген. Әйелдер намаз оқитын жер пердемен бөлiнген, мiнберi бар. Төрт бұрышты. Іргетасы күйдiрiлген кiрпiштен тұрғызылып, кейiн ақ силикат кiрпiшпен қапталып, төбесi бетон плитамен жабылған. Батысында азан шақыратын мұнарасы, ұзындығы 8 метр, төбесiнде биiктiгi 2,5 метрлiк және 1,2 метрлiк 2 күмбез тұрғызылған. Ағаштан жасалған 11 терезесі мен 7 есiгі бар. Ауласына ағаштар отырғызылған.

Осы облыстағы мешіттер