Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жаңабай сопы» мешіті (Суреттер)

«Жаңабай сопы» мешіті

Талас ауданы Қызыләуіт аулында салынған. 120 адамға арналған. 2005 жылы оны осы ауылда туып өскен Сәдуақас Мәмештегі өз қаражатына салдырған. Жерінің аумағы 1470 шаршы метр. 2 бөлмеден тұрады. Намаз оқитын үлкен залының ауданы 60, әйелдердің намаз оқитын бөлмесінің ауданы 36 шаршы метр, дәлізі 24 шаршы метр. Іргетасы бетонмен құйылған, шатыры бетон плиталармен жабылған, қабырғалары силикат кірпішпен тұрғызылған. Ағаштан жасалған 10 терезесі мен 4 есігі бар. Есігі шығысқа қаратылған. Ғимаратының биіктігі 6 метр. Оң жағына биіктігі жерден 15 метр бір мұнара тұрғызылған. Күмбезінің биіктігі 2,5 метр. Ауласы темір шарбақпен қоршалған. 

Осы облыстағы мешіттер