«Тоғызкент» мешіті
Сарысу ауданы Тоғызкент аулында бой көтерген. 2005 жылы осы ауылда туып-өскен Құралбек Құлажанов өз қаражатына салдырған. Жерінің аумағы 210, ғимараттың аумағы 185 шаршы метр. 100 адамға арналған. Үш бөлмеден тұрады. Намаз оқитын үлкен залының көлемі 166,75, әйелдердің намаз оқитын бөлмесінің көлемі 40,25, имамның бөлмесінің алаңы 14 шаршы метр. Ғимараттың биіктігі 7 метр. Төрт бұрышты етіп салынған, сол жақ қабырғасы шығыңқы. Қабырғасы силикат кірпіштен өрнектеліп қаланған, төбесі мен едені бетонмен жабылып, терезелері ағаштан жасалған. Михрабтың үстіне «Лә илаһа илла Алла Мухаммадур расулуллаһ» деп жазылған. Еденге жайнамаз кілем төселген. Дауыс күшейткіші микрофонмен жабдықталған, мінбері бар. Электр жарығымен қамтамасыз етілген. Үлкен аспалы шам ілінген. Қыста еден астынан жүргізілген электр жылу жүйесімен жылытылады.
Ғимараттың алдыңғы екі бұрышында биіктігі 2,5 метр екі шағын мұнара тұрғызылған. Және бір мұнара оңтүстік жағынан жапсарластырыла салынған. Биіктігі жерден 11 метр. Күмбезінің биіктігі мешіт төбесінен 5 метр. Төрт терезе мен бір есік қондырылған. Есіктің аузы күн шығысқа қаратылған. Ауласында құдық қазылған, шарбақпен қоршалып, гүл мен ағаштар егілген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3