«Жаңаталап» мешіті
Сарысу ауданы Жаңаталап елді мекенінде орналасқан. 2007 жылы Баубаев Нұрланның демеушілігімен салынған. 50 адамға арналған. Жерінің аумағы 11 сотық. Ғимараттың аумағы 100 шаршы метр. Биіктігі 5 метр, төрт бұрышты. Ішіне ені 1,5, ұзындығы 3 метр кілем төселген, дауыс күшейткіш орнатылып, электр жарығымен жабдықталған. Қыста электр қуатымен жылытылады. Ғибадатхана төрт бөлмеден тұрады. Үлкен залының аумағы 60 шаршы метр, ал әйелдердің намаз оқитын бөлмесі 8, кітапхана 8, имам бөлмесі 16, дәлізі 8 шаршы метр. Ғимараттың алдыңғы жағындағы екі бұрышында биіктігі 1 метр екі мұнара орналасқан. Дәліздің төбесінде күмбез пішіндес биіктігі 1 метрлік тағы бір мұнара тұрғызылған. Ауланы қоршаған шарбаққа таяу орналасқан қора жайы 9 шаршы метр. Ауласында құдық бар, гүл мен ағаштар егілген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3