«Жаманқара» мешіті
Сарысу ауданы Өндіріс аулында 2000 жылы салынған. 80 адамға арналған. Жерінің аумағы 2794 шаршы метр, ғимараттың ауданы 204,12 шаршы метр. Қабырғасы силикат кірпіштен қаланған, цемент плитамен жабылған. Үш бөлмелі. Намаз оқитын үлкен залы 87,01, әйелдердің намаз оқитын бөлмесі 28,49, дәлізінің алаңы 55,44 шаршы метр. Ғимараттың биіктігі 4 метр.
Алдыңғы екі бұрышында биіктігі мешіт төбесінен 1,5 метрлік екі шағын мұнара тұрғызылған. Төбесінде күмбезі бар, биіктігі 2,5 метр. Төрт терезе мен бір есік қондырылған. Есігі күнбатысқа қараған. Ауласында құдық қазылған, гүл мен ағаштар егілген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3