«Аймағамбет» мешіті
Сарысу ауданы Маятас аулында орналасқан. Жерінің аумағы 1200 шаршы метр. 2007 жылы Аймақов Алтайбектің демеушілігімен салынған. 50 адамға арналған. Ғимараттың аумағы 129,6 шаршы метр. Қабырғалары силикат кірпіштен қаланған, шатыры цемент плитамен жабылған. Бес бөлмелі. Намаз оқитын үлкен залдың аумағы 53 шаршы метр, дәліздің ені 3, ұзындығы 15 метр, имам бөлмесінің аумағы 17,5, әйелдер намаз оқитын бөлмесінің аумағы 17,5 шаршы метр. Алла үйінің биіктігі 5,7, алдыңғы екі бұрышында биіктігі 1 метрдей болатын шағын екі мұнара орнатылған. Төбесіне күмбез қондырылған. Биіктігі 2,5 метр. 6 терезе мен 1 есігі бар. Есігі күншығысқа қараған. Ауласына гүл мен ағаштар егілген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3