«Жаңатас» мешіті
Сарысу ауданы Жаңатас қаласында 2000 жылы халық қаражатымен тұрғызылған. 500 адамға арналған. Жерінің аумағы 3690 шаршы метр. Ғимараттың аумағы 168,9 шаршы метр. Іргетасы бетоннан құйылып, қабырғалары силикат кірпіштен қаланған, едені ағаштан, шатыры қаңылтырмен жабылған. Намаз оқитын залы 137 шаршы метр, әйелдердің намаз оқитын бөлмесі 13,68 шаршы метр, дәлізі 7,2 шаршы метр. Биіктігі 7 метр. Ғимараттың сол жақ бұрышында оқшаулау жерде, биіктігі 15 метр бір мұнара тұрғызылған. Төбесінде шошақ бөрік тәрізді биіктігі 5 метрлік күмбезі бар. 18 терезе мен 1 есік орнатылған. Есігі күншығысқа қараған. Үш жағынан кіретін қақпасы және екі есігі бар. Ауласына гүл мен ағаштар егілген. Негізгі қақпасы оңтүстік жағында.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3