Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бірлік» мешіті (Суреттер)

«Бірлік» мешіті

Мойынқұм ауданы Бірлік аулында 2008 жылы салынған. Жерінің аумағы 0,5175 шаршы метр. Ғимараттың аумағы 1930 шаршы метр. 130 адамға араналған. Биіктігі күмбезімен 4 метр. Сегіз бұрышты, күйдірілген сары кірпіштен қаланған. Терезелері пластиктен, есіктері ағаштан жасалған, шаңырақ гипсокартонмен қапталған, үлкен аспалы шам ілінген, азан шақыратын дауыс күшейткіш орнатылған. Күмбезі көк түсті кафельмен қапталған, айшығы тіреуішімен қоса ұзындығы 1,5 метр латуннан жасалған, мұнараның шеңбері астыңғы жағынан 2 метр, жоғарғы жағынан 1,8 метр, биіктігі 14,5 метр, сырты сары кірпішпен қапталған, мұнара күмбезі қаңылтырдан жасалған, көк сырмен сырланған.

Осы облыстағы мешіттер