Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шақшам ата» мешіті (Суреттер)

«Шақшам ата» мешіті

 Меркі ауданы Ақтоған аулында 2008 жылы салынған. 60 адамға арналған. Жерінің аумағы 40х63 метр. Ауласы жәй темір шарбақпен қоршалған. Ғимаратының аумағы 117 шаршы метр. 10 терезесі мен 1 есігі пластиктен жасалған. Есігі шығысқа қаратылған. Екі бөлмеден тұрады. Намаз оқитын үлкен залы 130 шаршы метр, дәлізі 10 шаршы метр. Тік төрт бұрышты, сәулеті қарапайым, қызыл кірпіштен тұрғызылып, іші-сырты әктелген. Ғимараттың биіктігі 5 метр. Алдыңғы жақ екі бұрышынан биіктігі 6,  шеңбері 1,5 метр болатын екі мұнара өріліп шығарылған. Ол ақ темір қаңылтырмен қапталған, ұшар басына айшық орнатылған. Ортасында бір кіші, бір үлкен күмбез орнатылған. Алдыңғы жағындағы кіші күмбезінің биіктігі 1,5,  шеңбері 2,5 метр. Үлкен күмбез мешіттің ортасында, биіктігі 5,5, шеңбері 3,5 метр. 

Осы облыстағы мешіттер