Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Тәтті» мешіті (Суреттер)

«Тәтті» мешіті

 Меркі ауылынан солтүстікке қарай 45 шақырым жердегі, Тәтті  ауылында орналасқан. Оны осы ауылда туып өскен азамат Бейсенбек Көкебаев 2003 жылы өз қаражатына салдырған. 80 адамға арналған. 3 бөлмеден тұрады. Намаз оқитын үлкен залының ені 6, ұзындығы 8 метр, әйелдердің намаз бөлмесінің ені 3, ұзындығы 6 метр, дәліздің ені 1,5, ұзындығы 2 метр. Іргетасы бетоннан құйылып, қабырғалары күйдірілген кірпішпен қаланған, шатыры тегіс бетон плиталармен жабылған, едені цемент, 3 есігі мен 8 терезесі ағаштан жасалған. Есік аузы шығысқа қаратылған. Ғимараттың биіктігі 4 метр. Кіреберіс есігінің үстінен  жерден 18 метр биіктікте мұнара тұрғызылған. Күмбезсіз. Қақпасы мешіттің шығыс жағына орнатылған.

Осы облыстағы мешіттер