«Сыпатай Әлібекұлы» мешіті
Меркі ауданы Ақарал аулында салынған. 250 адамға арналған. Ауыл тұрғындары 2000 жылы қаражат жинап салған. Ғимараттың ені 16,3, ұзындығы 19,3 метр. Үш бөлмеден тұрады. Намаз оқитын үлкен залдың ені 13,3, ұзындығы 14,5 метр, әйелдердің намаз бөлмесінің ені 4, ұзындығы 4,5 метр, имам бөлмесінің ені 4, ұзындығы 4,5 метр. Іргетасы бетоннан құйылып, қабырғасы қызыл кірпішпен тұрғызылған, шатыры шифермен жабылған. Ғимараттың биіктігі 6,4 метр. 1 есік, 10 терезесі бар. Есігі күншығыс жаққа қаратылған. Төбесіне биіктігі 4 метр күмбез орнатылған. Мұнарасыз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3