Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Сыпатай батыр» мешіті (Суреттер)

«Сыпатай батыр» мешіті

Меркі ауданы Сыпатай ауылында орналасқан. 2007 жылы Алтынбек Алпиев пен Бауыржан Қазинбаев салдырған. Жерінің аумағы 105х98 метр. Алды, кіреберіс қақпаға дейін 270 шаршы метр жері қызыл түсті тас плита төселген. Ауласы түгелдей майда өрнегі бар темір шарбақпен қоршалған. Аулаға ені 2,05 метр, ұзындығы 6 метр гүлзар, айналасына тұя, қарағай, алма ағаштары отырғызылған. Сол жағына мешіт құрылысы демеушілерінің аты-жөні жазылған аумағы 1,2х1,5 метр мәрмәр тақта орнатылған. Ғимараттың аумағы 357 шаршы метр. 180 адамға арналған. Көмірмен жылытылады. Дыбыс күшейткіш құрылғы мен мінбер, кілем, діни кітаптар тағы басқа қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Ғимарат ортасында  шеңбері 3,5 метр, биіктігі 6 метр күмбезі бар, ақ қаңылтырмен жабылып, көк бояумен сырланған. Төрт бұрышында қабырғадан өріп шығарылған  шеңбері 1 метр, биіктігі 3 метр күмбезше орнатылған. Алла үйінің сол жақ алдында, мешіттен 5 метр жерде, шеңбері 2,5, жалпы биіктігі 17 метр болатын, 4 сатылы, ұшына ай белгісі орнатылған мұнара тұрғызылған. Аулаға түнде жарық беретін сәндік электр шамдары қойылған. 

Осы облыстағы мешіттер