«Сиқымбай ата» мешіті
Меркі ауданы Мыңқазан аулында тұрғызылған. Оны осы ауылда туып өскен Әзімбек Әлімбеков өз қаржысына 2003 жылы салдырған. Жер аумағы 77 шаршы метр. Екі бөлмелі. Кіреберіс дәлізінің ені 2,7, ұзындығы 6,2 метр, намаз залының ені 6,2, ұзындығы 6,6 метр. Іргетасы бетоннан құйылып, қабырғасы күйдірілген кірпішпен қаланған, шатыры қаңылтырмен жабылған, едені цемент, 1 есігі мен 4 терезесі ағаштан жасалған. Есігі оңтүстікке қараған. Ғимараттың биіктігі 4 метр. Алдыңғы оң жақ бұрышында мұнара тұрғызылған. Күмбезсіз. 80 адамға арналған. Арнайы дәрісхана ғимараты бар. Қақпасы оңтүстік жағында.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3