«Қызылсай» мешіті
Меркі ауданы Қысылсай аулында бой көтерген. Оны 2003 жылы Алтынбек Қоразбаев салдырған. 60 адамға арналған. Жерінің аумағы 44х22 метр. Үш бөлмелі. Намаз оқитын үлкен залының ені 4, ұзындығы 7 метр, имамның бөлмесінің ені 3, ұзындығы 4 метр, дәліздің ені 4, ұзындығы 4 метр. Іргетасы бетоннан құйылып, қабырғасы күйдірілген кірпішпен қаланған, шатыры ақ қаңылтырмен жабылған, 2 есігі мен 4 терезесі ағаштан жасалған. Ғимараттың биіктігі 3,5 метр. Кіреберіс төбесіне ұзындығы 5,5 метр шағын күмбез қойылған. Мұнарасыз. Есігі оңтүстікке қараған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3