Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жүніс» мешіті (Суреттер)

«Жүніс» мешіті

 Меркі ауданы Ойтал ауылдық округінде салынған. 250 адамға арналған. Аудандағы ең алғашқы салынған мешіттердің бірі. Ол алғаш рет 1947 жылы халықтан жиналған қаржыға тұрғызылған, кейінірек 1979 жылы ескі мешіт бұзылып, жаңадан қайта кеңейтіліп салынды. Жерінің аумағы 30х70 метр. Қабырғасы күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Биіктігі 4 метр. Кіреберісінде күмбезі бар. Ғимараттың ұзындығы 22, ені 16 метр. Имам бөлмесінің алаңы 12 шаршы метр, оң жағындағы әйелдерге арналған бөлменің ауданыда 12 шаршы метр. Кіретін есік күншығыс жағында. Дәрісханасы бар. Ауласының күншығыс жақ беті өрнектелген темір арматура, күнбатыс жағы бетонмен қоршалған.

Осы облыстағы мешіттер