«Екпінді» ауылдық мешіті
Меркі ауданы Екпінді ауылында 2006 жылы салынған. Жерінің аумағы 630 шаршы метр. Ауласы түгелдей қазақы ою-өрнекті темір шарбақпен қоршалып, алма ағаштары егіліп, гүлзар отырғызылған. Ғимараттың аумағы 120 шаршы метр. 60 адамға арналған. Қабырғасының биіктігі 6 метр, тік төрт бұрышты. Сырты сарғыш, іші ақ түспен әрленген. Электр пешімен жылытылады. Дыбыс күшейткіш құрылғымен, мінбер, кілем, діни кітаптар, тағы да басқа қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Алла үйінің алдыңғы жақ бетіне, негізгі қабырғадан өріліп шығарылған шеңбері 1,5, жерден ұшына дейінгі биіктігі 10 метр шағын күмбез тұрғызылған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3