Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әкімжан ата» мешіті (Суреттер)

«Әкімжан ата» мешіті

 Меркі ауданы Қазақ дихан ауылында 2002 жылы салынған. Жерінің аумағы 0,0607 га. Ауласы бағандары кірпіштен тұрғызылған, найза ұшты темір шарбақпен қоршалған. Қақпасының екі жағында 3 метр қашықтықта шеңбері 2, биіктігі 12 метрлік өрнекті кірпішпен қапталып, төбесі оюлы ақ қанылтырмен жабылған екі мұнара тұрғызылған. Алдындағы алаңшаға, қақпаға дейін қызыл түсті сәндік тас плитка төселген. Аула ішінде ұзындығы 14, ені 3 метр екі гүлзар бар. Ғибадатхананың аумағы 91 шаршы метр. Ені 7, ұзындығы 13 метр. 100 адамға арналған. Қабырғасының биіктігі 6 метр, тік төрт бұрышты, сыртқы қабырғасы өрнекті кірпішпен қапталған, ішкі қабырғалары сарғыш түспен әрленген. Дыбыс күшейткіш құрылғы мен кілем, діни кітаптар, тағы да басқа қажетті құрал -жабдықтармен жабдықталған. Көмірмен жылытылады. Күмбезсіз. Мешіт алдында қабырғадан өріліп шығарылған шеңбері 2, биіктігі 14,4 метрлік болатын мұнара тұрғызылған. 

Осы облыстағы мешіттер