«Ботбай баба» мешіті
Меркі ауданы Қостаған ауылында орналасқан. 2006 жылы Төреханов Төребай салдырған. Жерінің аумағы 0,1 га. Ауласы темір шарбақпен қоршалған. Үлкен қақпаның екі жағында, төбесі ақ қаңылтырмен жабылған, шеңбері 80 см, биіктігі 3,5 метрлік екі мұнара бар. Аула ішіндегі тротуардың ені 7, ұзындығы 10 метр алаңша мен ені 5, ұзындығы 11 метр тротуарға қызыл түсті тас плитка төселген. Тротуардың екі жағында аумағы 3х8 метрлік 4 гүлзар егілген. Ғимаратқа кіреберісінің сол жағына ені 5 метр, ұзындығы 14,8 метр жазғы бастырма жасалып, төбесі ақ қаңылтырмен жабылған. Көк шырша, қарағай басқа да ағаштар отырғызылған. Ғимараттың жалпы аумағы 113,6 шаршы метр. 100 адамға арналған. Алла үйінің биіктігі 4 метр, тік алты бұрышты сыртқы қабырғалары сарғыш сәндік кірпішпен өрнектеліп, ішкі қабырғалары ақ түспен әрленген. Дыбыс күшейткіш құрылғы мен мінбер, кілем, ыдыс-аяқ, тағы да басқа қажетті құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мешіттің дәл ортасында, астыңғы жағы кірпішпен соғылып, төбесі ақ қаңылтырмен қапталған, шеңбері 3, биіктігі 4 метр күмбез тұрғызылған. Бес бұрышында 5 кішкене мұнара, алтыншы бұрышында шеңбері 1,5, биіктігі 11 метр, төбесі ақ қанылтырмен жабылған тағы бір мұнара бар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3