«Андас батыр» ауылдық мешіті
Меркі ауданы Андас батыр ауылында 2008 жылы салынған. Жерінің аумағы 50х50 метр. Ауласы өрнекті темір шарбақпен қоршалған. Сыртқы қоршаудан ғимарат есігіне дейін тас плитка төселген тротуар бар, ені 4, ұзындығы 17 метр. Мешіт алдында 4х8 метрлік алаң, 8х16 метрлік гүлзар бар. Ғимараттың жалпы аумағы 16х16 метр. 150 адамға арналған. Тік төрт бұрышты, сәулеті қарапайым, қабырғасы қызыл кірпіштен қаланып, іші-сырты әктелген. Қабырғасының биіктігі 5 метр. Еденіне ковролан төселген. Кілем, дыбыс күшейткіш құрылғы және басқа да шаруашылық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Ғибадатхана еден астына орнатылған жылу жүйесі арқылы жылытылады. Қазандығы газға қосылған. Күмбезінің биіктігі ғимарат қабырғасынан 12, шеңбері 5,5 метр, ақ темір қаңылтырмен қапталып, ұшына айшық белгісі орнатылған. Ғимараттың сол жағында төрт метр жерде биіктігі 14, шеңбері 2,5 метр мұнара тұрғызылған. Мұнара екі сатылы, ақ қаңылтырмен қапталған, ұшар басына айшық орнатылған. Алдыңғы кіре берісінде 16х16 метрлік бастырма жасалынған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3