Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Меркі» мешіті (Суреттер)

«Меркі» мешіті

Меркі ауданының орталығы Меркі кентінде 1993 жылы жергілікті халықтың демеушілігімен салынған. 350 адамға арналған Жер аумағы 45 сотық. Іргетасы бетоннан құйылып, қабырғасы күйдірілген қызыл кірпіштен өрілген. Ғимараттың ұзындығы 29, ені 20, биіктігі 6 метр. Кіреберісіндегі дәлізі 36 шаршы метр, сол жағында имамға арналған бөлме 30 шаршы метр, оң жағында әйелдерге арналған намаз бөлмесі 30 шаршы метр, жамағатқа арналған залдың ұзындығы 19, ені 18 метр. 3 есігі мен 13 терезесі ағаштан жасалған. Есігі күншығысқа қараған. Оң жағында күзетші мен дәрісхана бөлмелері де қарастырылған. Шатыры қаңылтырмен жабылған. Ортасына үлкен күмбез айшығымен орнатылған. Биіктігі 4 метр. Ауласы өрнектелген темір шарбақпен қоршалған. Тау жақ бетінде ақ кірпіштен өрілген, автокөлік кіруге арналған, төбесінде кішігірім 2 мұнара, ортасында шағын күмбезі бар қақпа орнатылған. Талдар мен гүлдерді суғаруға арналған 2 су шығаратын, электрлі мотормен жабдықталған колонка қойылған.

Осы облыстағы мешіттер