«Талапты» мешіті
Талапты аулында орналасқан. Алла үйін 2005 жылы Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза салдырған. Құрылысына халықаралық қызыл жарты ай қоғамы Әбу Даби қайырымдылық қоры қаржылай демеушілік жасаған. 90 адамға арналған. Жер аумағы 141, ғимарат аумағы 102,75 шаршы метр. Қабырғасының биіктігі 4 метр. Іргетасы бетонмен құйылып, қабырғасы күйдірілген кірпіштен қаланған. Шатыры қаңылтырмен жабылған. 3 есік, 13 терезесі ағаштан жасалған. Мұнарасының биіктігі 5 метр. Ауласы қоршалған.
Алла үйіне «Алматы кілем» фабрикасының кілемдері төселген. Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, бата берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3