Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Малдыбай» мешіті (Суреттер)

«Малдыбай» мешіті

Жуалы ауданы, Қоңыртөбе ауылында орналасқан. Оны осы ауылда туып-өскен Әбдәлім Құттыбаев өз қаражатына 1999 жылы салдырған. 250 адамға арналған. Жерінің аумағы 129,3, ғимарат ауданы 638 шаршы метр. Іргетасы бетонмен құйылып, қабырғасы күйдірілген кірпіштен қаланған. Едені ағаштан, шатыры қаңылтырмен жабылған. Есік, терезесі ағаштан жасалып, есігі күншығысқа қараған. Үлкен намаз залы 80,68, дәлізі 6,51, қоймасы 8,19 шаршы метр. Қабырғасының биіктігі 4 метр. Кіреберісінде екі мұнарасы бар, биіктігі 4,5 метрден, күмбезінің биіктігі 5 метр. 4 есік, 4 терезе орнатылған. Ауласы темір шарбақпен қоршалған.

Осы облыстағы мешіттер