Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Құлбайымбет» мешіті (Суреттер)

«Құлбайымбет» мешіті

Жуалы ауданы, Ертай ауылы, Ертаев көшесінің бойында тұрғызылған. 2007 жылы Ауған соғысының ардагері генерал-лейтенат Бақытжан Ертаев өз қаражатына салды. Жерінің аумағы 1281,36 шаршы метр. Ғимарат күйдірілген қызыл кірпіштен салынған. Қабырғасының биіктігі 4,50 метр. Шатыры қаңылтырмен жабылған. Сырты темір шарбақпен қоршалған. Күмбезінің биіктігі 5 метр. Екі мұнарасы бар, алдыңғы жағындасының биіктігі 6 метр. Үлкен намаз залының аумағы 82,08 шаршы метр, имам бөлмесі 14,19, қоймасы 9,57, ғимараттың аумағы 127,98 шаршы метр. Батыс жағында қосымша шаруашылық жайының ұзындығы 14,9 метр, ені 4,2 метр, биіктігі 2,8 метр.

Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, бата берді.

 

Осы облыстағы мешіттер