«Жуалы» мешіті
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылында. 1994 жылы салынған. 800 адамға арналған. Жерінің аумағы 0,6750 га. Ғимараттың көлемі 342,8 шаршы метр. Есігі күншығысқа қараған, айналасы темір шарбақпен қоршалған. Іргетасы бетоннан құйылып, қабырғасы шлакты блоктан тұрғызылған. Шатыры қаңылтырмен жабылған. 2 есігі мен 7 терезесі ағаштан жасалған. Қабырғасының биіктігі жерден 5 метр, күмбезінің биіктігі 8 метр, 2 мұнарасының биіктігі 6,5 метр. Қосымша имамға арналған үй және дәрісхана салынған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3