«Дәуіт ата» мешіті
Байзақ ауданы Бұрыл ауылында орналасқан. 1995 жылы сол ауылда кеңшар (совхоз) директоры болған Дәуітовтің басшылығымен ауыл азаматтарының қаражатына салынған. 600 адамға арналған. Жер аумағы 1,660 га. Ғимараттың ені 71, ұзындығы 75 метр. Намаз залының ұзындығы 35, ені 5 метр. Қыздар мен ұлдар сауат ашатын екі бөлмесі бар, оның әрқайсысы 8х5 метрден. Имам бөлмесі 30 шаршы метр. Дәлізі 25 шаршы метр. Бұларға қоса жаз айларында намаз оқитын ұзындығы 70х5 метр залы бар. Іргетасы тастан қаланған, төбесі қаңылтырмен жабылған, қабырғалары керамзит, цементпен көтерілген. Есік-терезесі ағаштан жасалған. Мешіттің биіктігі 4 метр, екі бұрышында және ортасында 4 метрден күмбездері бар. Ауласы темір шарбақпен қоршалған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3