«Үшбұлақ» мешіті
Байзақ ауылына қарасты Үшбұлақ стансасында бой көтерген. 2007 жылы «Үш-тас-Қазсервис» ЖШС директоры Халмұрат Дәрібаевтың демеушілігімен салынған. Ғибадат үйі Алматы-Тараз жолының оң жағында тұр. Жерінің аумағы 0,969 га, ғимаратының ауданы 90 шаршы метр. Биіктігі 3 метр, төрт бөлмеден тұрады. 80 адамға арналған. Бір кіші залы бар. Күмбезі ғимараттан 1,5 метр биік, екі шетіндегі мұнараларының биіктігі 4 метрден. 4 терезе және бір үлкен кіреберіс есік орнатылған.
Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, бата берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3