«Қосы батыр» мешіті
Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Қарасу ауылында тұрғызылған. Алла үйін осы ауылда туып-өскен Мырзабек Сапарәлиев әулеті өз қаржыларымен күйдірілген қызыл кірпіштен 1999 жылы салдырып, оған Кеңес Одағының Батыры Қосы Самбетұлының есімі берілген. Ғибадатхана Қосы батыр ескерткіші орнатылған шағын бақтың ішінде. Жер аумағы 0,5 га. Намаз бөлмесі 111,50 шаршы метр, 6 терезесі, екі жақты ашылатын үлкен ағаш есігі бар. Әйелдердің намаз бөлмесі 41,30 шаршы метр, 3 терезе, 2 есік орнатылған. Имам мен кітапхана бөлмесі 20,20 шаршы метр, оған 1 терезе мен 1 есік орнатылған. Шырақшы бөлмесі 6,30 шаршы метр, оның 1 терезе мен 1 есігі бар. От жағатын бөлме 6,10, шаруашылық бөлмесі 10,10 шаршы метр. Іргетасы бетон, қабырғалары күйдірілген кірпіш, шатыры ақ қаңылтырмен қапталған, едені тақтай, терезе-есіктері ағаштан жасалған. Қабырғаларының биіктігі 4 м, төрт бұрышында 4 шағын темір мұнара тұрғызылған. Шатыр ортасына биіктігі 3 метр, айы бар мұнара-күмбез орнатылған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3