«Имам Ағзам» мешіті
Байзақ ауданының Талас өзенінің оң жағасындағы Талас ауылында салынған. Іргетасы 2003 жылы қаланды. Жаңа ғимаратты жергілікті азаматтар Зәкір Мұйынов пен Нәби Ағалиев өз қаржыларына тұрғызды. 150 адамға арналған. Ауласы 20х40 метр толығымен көгалдандырылған. Ғимаратқа кіре беріс есік үстінде 4х3 метрлік мұнара тұрғызылып, дауыс күшейткіш аппарат орнатылған. Алдына оң жағынан 5 терезе, сол жағынан 2 терезе қойылған. Екі үлкен залы, 2 бөлмесі бар, біреуі кітапхана, біреуі бас имам бөлмесі. От жағатын және қасында көмір сақтайтын орын бар.
Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, бата берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3