Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жаныс» мешіті (Суреттер)

«Жаныс» мешіті

«Жаныс баба» мешіт Байзақ ауданы Сарыкемер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 шақырым жердегі Абай ауылында ірге тепкен. 2009 жылы салынған. Құрылысы негізінен Алматыда жасалған жоба бойынша жүргізілді. Демеушілік еткен Рахман Асылханның ұрпақтары, соның ішінде негізгі күш салған Рахманов Қайрат пен Сегіз Ұлан. 150 адамға арналған. Аумағы 1700 шаршы метр. Ғимараттың аумағы 12,5х12,5, күмбезі 4х4 метр. Имам бөлмесінің аумағы 3х4, аяқ-киім шешетін бөлме 1х3, михрабтың аумағы 1,2х2,5 метр. Іргетасының биіктігі 110 см, қабырғаларының биіктігі 330 см. Күмбезінің биіктігі 16, мұнарасының биіктігі 19 метр. Жамағаттың діни сауат ашуы үшін дәрісхана, имамға арналған  бес бөлмеден тұратын үй мен от жағатын орын салынған. Азан шақыруға арналған радио құрылғылармен қамтамасыз етілген. Барлық 120 шаршы метр еденге жайнамаз төселген және күмбезінің астына 49 шырақты аспалы шам ілінген. Ауласы толығымен қоршалып, көгалдандырылған.

Осы облыстағы мешіттер