Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әбдікәрімұлы Айдар» мешіті (Суреттер)

«Әбдікәрімұлы Айдар» мешіті

Байзақ ауданы Ақжар ауылында бой көтерген. Осы ауылда туып өскен азамат Айдар Меңлібеков өз қаражатына 2005 жылы салдырған. 60 адамға арналған. Жерінің аумағы 90,86 шаршы метр. Намаз оқитын үлкен залы 48,85, дәліз 14,70, әйелдердің намаз бөлмесі 14,70 шаршы метр. Іргетасы бетоннан құйылған, шатыры күмбезді. Қабырғасы қызыл кірпіштен қаланып, сырты арнайы дайындалған кірпішпен өрнектеліп қапталған. Күмбезінің биіктігі 3,5, жалпы биіктігі 7 метр. Сәулеттік көрінісі күмбезді мешіт үлгісі саналады. Ғимараттың алдыңғы бұрышында биіктігі 7 метрлік мұнара тұрғызылған. Ғибадатхананың жеті терезесі, екі есігі бар.

Осы облыстағы мешіттер