«Ақыл ата» мешіті
Байзақ ауданы Жетібай ауылында орнатылған. Ақыл ата 1885 жылы көрші Аққия ауылында дүниеге келген, кейін осы ауылда ұзақ уақыт шопан болған кісі. Ол кісі 1932-34 жылдарғы ашаршылықта ауылдастарын аңшылықпен аман алып қалған екен. Ақыл атаның ұлы – ауыл тұрғыны, кәсіпкер Аманжол Жарасбаев Алла үйін өз қаржысына 2007 жылы салдырған. Ғимарат 80 адамға арналған. Биіктігі 7 метрлік екі мұнарасы мен 9 метрлік күмбезі бар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3