Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Байзақ баба» мешіті (Суреттер)

«Байзақ баба» мешіті

Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылында,  Тараз қаласынан солтүстік шығысқа қарай 12 шақырым жерде, Талас өзенінің сол жағалауында орналасқан. Алла үйінің алғашқы іргетасы 1875 жылы қаланған. Бұрын мәдениет үйі болған. Осы ескі ғимарат орнына 2008 жылы аудан әкімі Батырбек Құлекеевтің ұйымдастырумен жаңа ғибадатхана аудан халқының демеушілігімен салынды. Атауы осы өңірде туып өскен, халық батыры, датқа Байзақ Мәмбетұлының есімімен «Байзақ баба» деп аталады. Жерінің аумағы 30 сотық. 8 бөлмелі. Намаз оқитын үлкен залының аумағы 450 шаршы метр, әйелдердің намаз бөлмесі 28, дәлізі 10 шаршы метр. Іргетасы бетоннан құйылған, шатыры қаңылтырмен жабылған. Қабырғасы күйдірілген кірпіштен қаланған, едені цемент. Есік-терезесі пластиктен жасалған. Ғимараттың биіктігі 8 метр. Оның алдыңғы екі бұрышында шағын жерден биіктігі 21 метрлік екі мұнара тұрғызылған. Күмбезінің биіктігі 5 метр. 1-ші қабатында 8 терезе, 2-ші қабатында 7 терезе, орнатылған. Оң жағында 5 терезе, сол жағында 4 терезе, артында 7 терезе, жалпы 27 терезесі бар. Жамағат бір есіктен кіреді. Есігі солтүстік шығысқа қараған. 1200 адамға арналған. Аумағы темір шарбақпен қоршалған. Қақпасы солтүстік шығыс жағында.

Осы облыстағы мешіттер