«Иса Ахмет ата» мешіті
Тараз қаласының оңтүстік батысында, темір жол бекеті маңында, Тынышбаев көшесінде орналасқан. Алла үйі Иса Ахмет атаның ұрпақтары Әбдірайымов Дүйсен мен қызы Ботагөздің қаржысына салынған. Мешіт 2010 жылдың мамыр айында пайдалануға берілген. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, бір қабатты. Жалпы аумағы 0,4 га. Биіктігі 6, ені 12, ұзындығы 14, мұнарасы бар, күмбезінің шеңбері 4 метр, төбесіне айшық қойылған. Ғимарат намаз оқитын (ерлер және әйелдерге) екі бөлмеден және қызметкерлерге арналған арнайы бір бөлмеден тұрады. Ерлердің намаз оқитын бөлмесінің төбесі ою-өрнектермен безендірілген, кіре берісте Құран сүрелері жазылған. Әртүрлі діни шаралар өткізіліп тұратын бастырмасы бар. Ауласы темірден мәрмәрлеп жасалған үлкен шарбақпен қоршалып, шырша талдары, раушан гүлдері отырғызылған.
Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, бата берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3