«Мұхамеджан» мешіті
Тараз қаласы Қажымұқан көшесінде бой көтерген. 1995 жылы Кәрімжан қажы Санижан Инамжановтар өз қаражатына салдырған. Жерінің аумағы 0,793 га., 4 метрлік қабырғасы сарғыш түсті кірпішпен өріліп, биіктігі 8 метр аркамен көмкерілген. Арка жанында биіктігі 11 метрдей мұнара кірпішпен сүйірленіп тұрғызылған. Биіктігі 3 метрлік темір шыбықтарымен өрнектеліп жасалған қақпасы бар. Намазхана бөлмесінің ауданы 13,20х9,70 метр, күмбезсіз, кіреберіс алдында жаздық бастырма, 3 терезесі бар. Ғимарат іші безендіріліп, төбесіне 3 жерден электр шамы қойылған. Ауласында имамның бөлмесі мен дін қызметкерлеріне арналған тұрғын бөлмелер, сондай-ақ жылу қазандығы орналасқан. Газбен жылытылады. Ауласы көгалдандырылған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3