«Һибатулла Тарази» мешіті
«Һибатулла Тарази» мешіті Тараз қаласында 2007 жылы сәуір айында пайдалануға берілді. Егеменді еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев 1996 жылы осында келген кезекті сапарында Тараз қаласының Ислам дінін таратудағы тарихи маңызына тоқтала келіп, шаһарға зәулім бір мешіт тұрғызып беруге уәде еткен еді. 2000 жылы облыс әкімі қаланың Төле би және Ұлбике көшелерінің қиылысқан тұсындағы бұрынғы жазғы цирк алаңы ретінде пайдаланып келген аумағы 2,5 га жерді мешіт құрылысына бөліп берді.
Дін ордасы қаланың қай тұсынан қараса да көзге алыстан шалынатын, 1500 адам намаз оқи алатын, биік те, зәулім ғимарат. Мұнарасының биіктігі 35, ал күмбезінің биіктігі 27,8, шеңбері 7,8 метр. Ғибадат үйінің ені 32,4, ұзындығы 40,1, қабырғасының биіктігі 11 метр.
Ғибадатханада 100 орындық, аумағы 108,6 шаршы метрлік ерлерге және әйел, қыздарға арналған сауат ашу курсының болуы да ескерілген. Ғибадатхана маңына тал-теректер егіліп, көгалдандырылған, гүлзарлары қала көрінісіне сән қосып тұр.
Мешіт 2007 жылы 27 сәуірде, жұма күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің облыс әкімі Бөрібай Жексенбин және бас имам Ербол Сағи ұлының қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Алла үйіне Тараздан шыққан ғұлама, заманында Каирдегі Сұлтан Бейбарыс медресесінде ұстаздық еткен, бірқатар аса бағалы еңбектердің авторы Һибатулла Тарази (1271-1330) есімі берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3