Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университеті жатақхана жастарының жүйріктері анықталды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 06.10.2018 4427 0 пікір
Нұр-Мүбарак университеті жатақхана жастарының жүйріктері анықталды

Нұр-Мүбарак университеті оқу кешенінің құрамында 650 орындық студенттер жатақханасы білім ізденушілер үшін таптырмас мекенге айналған. Себебі Алматы қаласы жоғары оқу орындары арасында ең үздік жатақхана мәртебесіне лайық деп танылғаны өз алдына, тәрбиешілер студенттердің уақытын тиімді әрі пайдалы жұмсау жоспары жемісті жүзеге асып келеді. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» ұстанымындағы жоғары курс студенттері жаңа келген ізбасарларына өнеге болып, «Раббым, білімімді арттыр!» атты интеллектуалды зияткерлік сайысын өткізді.

«Жатақхана тынысы» аясындағы сайысқа төрт топ қатысты. Негізгі мақсат: жаңа келген студенттерді жан-жақты білімге ынталандырып, өзара ауызбіршілікте, иман рухында тәрбиелеу. Шара мұратының асқақ екендігін сезіндіру мақсатында топ есімдері әділетті төрт халифаның құрметіне «Әбу Бәкір ас-Сыдық», «Омар ибн әл-Хаттаб», «Осман ибн Аффан», «Әли ибн Әбу Толиб» есімдерімен аталды. Төрелікті 4-ші курс студенттері: Бекжан Ажимов, Төлеш Ерзат, Қанат Жұмасейіт, Бауыржан Тұрапбай, Ақберді Ақын, Бахадыр Сабуров, Ал-Фараби Әуезхан жасады. Құран іліміне кіріспе, ақида, фиқһ, сира, араб тілі, тарих, мақал-мәтел бойынша білімдер сараланды. Тоғыз турдан тұрған сайыста әр үш белес сайын әлсіз топ ойыннан шығып отырды. Ақтық сында 150 ұпаймен «Әбу Бәкір әс-Сыдық» топ жарып, «Омар ибн әл-Хаттаб» тобы екінші орынды місе тұтты. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етіліп, қатысушыларға мадақтамалар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру