Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 02.06.2026 680 0 пікір
ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде 2026 жылғы қажылық маусымының өту барысы қаралды.

Мәжілісте онлайн қатысқан ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ Қажылық миссиясының төрағасы Кенжетай Байкемелұлы қасиетті мекендерде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Баяндама барысында қазақстандық қажыларға көрсетіліп жатқан рухани-ағартушылық, ұйымдастырушылық және медициналық қызметтер туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Мекке мен Мәдина қалаларында қызмет атқарып жүрген Қажылық миссиясы мүшелерінің жұмысы сөз болып, отандастарымыздың құлшылықтарын алаңсыз орындауына жасалған жағдайлар айтылды.

Жиын барысында қажылардың елге оралу барысы мен алдағы күндері атқарылатын жұмыстар да талқыланды.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру