Бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мәжілісінде кадрлық тағайындау болды.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен осы уақытқа дейін Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметін атқарып келген Ерболат Нұрылдаұлы Жүсіпов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Бас мүфти жиын барысында Ерболат Нұрылдаұлының діни саладағы көпжылдық тәжірибесіне тоқталып, оның халықпен жұмыс жүргізуде, ұлттық құндылықтар мен асыл дініміздің сабақтастығын насихаттауда елеулі еңбек еткенін атап өтті.
Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы «Дін мен дәстүр» бағытының халқымыздың рухани болмысын сақтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызына назар аударып, жаңа қызмет иесіне жауапты міндеттер жүктелетінін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі болған Нұрбек Әуесханұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Астана қаласының Бас имамы болып тағайындалған болатын.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
02.06.2026
1884
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру