Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Зекет және қайырымдылық» қоры балаларды мерекемен құттықтады

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры 02.06.2026 101 0 пікір
«Зекет және қайырымдылық» қоры балаларды мерекемен құттықтады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры Астана қаласындағы оңалту орталықтарында тәрбиеленіп жатқан балаларға арналған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Ізгі шара аясында қор өкілдері оңалту орталықтарына арнайы барып, балаларға тәтті сыйлықтар таратып, қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар, мекемелердің күнделікті қызметіне қажетті құрал-жабдықтар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Аталған қайырымдылық шарасының мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін балаларға қолдау білдіру, олардың көңіл-күйін көтеру және қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

Шара барысында қор қызметкерлері бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, оқуда табыс және жарқын болашақ тіледі.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру