Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі amin.kz 23.10.2026 225 0 пікір
Атырау: 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Атырауда 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Республика күні қарсаңында Зекет және қайырымдылық қоры осындай игі бастама ұйымдастырған. 

Шара барысында Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жиналған қауымға ізгі лебізін білдіріп, қайырымдылық пен өзара жәрдемдесудің маңыздылығына тоқталды. Бас имам мұқтаж жандарға қолдау көрсету – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі екенін атап өтіп, игі іске атсалысқан азаматтарға алғысын жеткізді.

Айта кетейік, мұндай игі бастамалар қоғамда ізгілік пен бауырмалдықты дәріптеп, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру