Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда мереке қарсаңында құран хатым оқылды

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі amin.kz 23.10.2026 168 0 пікір
Атырауда мереке қарсаңында құран хатым оқылды

Республика күні қарсаңында Атырау қаласындағы Иманғали орталық мешітінде Құран хатым оқылып, жамағатқа арналған рухани дастархан жайылды. 

Шараға қатысқан Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жамағатты мерекемен құттықтап, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадір-қасиеті туралы сөз қозғады.

Жиын барысында мешіт ақсақалдары ақ баталарын беріп, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын тіледі. Ал имам-ұстаздар жамағатқа тағылымды насихат айтып, бірлік, бауырмалдық, отансүйгіштік және рухани құндылықтарды сақтау жөнінде ой өрбітті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру