ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Түркістан облысына сапары Қазығұрт ауданында жалғасты.
Мұнда Бас мүфти Үшбұлақ ауылындағы мешіт жанынан салынған жаңа "Өмірзақ ата" асханасына арнайы бас сұғып, ғимараттың тыныс-тіршілігімен танысты.
250 адамға бір мезетте қызмет көрсетуге арналған асхана жомарт жандардың демеушілігімен бой көтерген. Игі іске ұйытқы болған азаматтар нысанды халықтың игілігіне уақып етіп, ауыл тұрғындарына ортақ пайдалануға берген.
Бас мүфти ауылдың дамуына үлес қосып, елге қызмет етуді мақсат еткен кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді.
«Бұл – жай ғана тамақтанатын орын емес. Бұл – елге қызмет етуді мұрат тұтқан азаматтардың ізгі ниеті мен сауапты бастамасының жемісі. Мешіт жанынан ашылып отырған асхана – халыққа қолайлы жағдай жасаумен қатар, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, адамдар арасындағы бауырмалдықты арттыруға, дастарқан мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі жоба.
Тамақтандыру – адамға жасалатын үлкен жақсылық. Кейде бір табақ ыстық ас адамның көңіліне қуаныш сыйлап, қиындыққа тап болған жанның жағдайын жеңілдетеді. Бір дастарқан басында бас қосқан адамдардың арасында сыйластық артып, өзара түсіністік қалыптасады», - деді Бас мүфти.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
27.11.2026
47
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру