Бүгін Түркістан облысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Ұялыжар» мешітінің ашылу салтанаты өтті.
450 адамға арналған жаңа нысан Ордабасы ауданы, Бөржар елді-мекені, Ұялыжар ауылында бой көтерген. Мешіттің ашылу рәсімінде Бас мүфти жиналған қауымды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
ҚДМБ Төрағасы өз сөзінде: «Мешіт салу – мұсылман баласы үшін ең ізгі амалдардың бірі. Өйткені мешіт – Аллаға құлшылық жасалатын, Құран оқылатын, жүректер иман нұрымен нұрланатын, адамдар бір-біріне бауырмалдық танытатын қасиетті мекен. Мешіттің қадірі оның сәулетті күмбезі мен биік мұнарасында ғана емес, онда сәждеге бас қойған пенделердің ықыласында, оқылған Құранның үнінде, жасалған дұға мен атқарылған ізгі амалдарда.
Мен осы ретте өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан осы мешітті тұрғызуға тікелей атсалысқан жастарға айрықша алғысымды жеткіземін. Алла разы болсын! Мешіт салған азаматтардың еңбегі – елдің рухани өміріне қосылған өлшеусіз үлес деп санаймын. Олар мешіттің бір кірпішін қалап, қабырғасын көтерді. Ал ертең осы мешітте жас ұрпақ алғаш рет Құран әріптерін таниды, жас жігіт намазға жығылады, ақсақал дұға жасайды, жас отбасы бата алады. Бір қарағанда қарапайым көрінетін осы сәттердің әрқайсысында мешіт салуға себепші болған жандардың да үлесі бар», - деді.
Салтанатты рәсімнен кейін Бас мүфти жиналған жамағатпен жұма намазын оқып, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.






/











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
27.11.2026
162
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру