Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДАДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 22.11.2026 79 0 пікір
ЕЛОРДАДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Дін қызметкерлері арасында шағын футболдан «Жастар кубогы» турнирі өтті.  

Спорттық шараның ашылу салтанатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Ақұлан Өсерұлы қатысып, турнирдің әділ әрі тартысты өтуіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ, жарысқа қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Турнирге барлығы 6 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Атап айтқанда, ҚМДБ атынан «Мүфтият жастары» және «Зейін» командалары, Астана қаласы мешіттерінің "Сұлтан" құрамасы, «Сығанақи» институты, Астана медресе-колледжі және «Мұнара» телеарнасының командасы бақ сынады.

Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – «Мүфтият жастары» командасы (150 000 теңге);
ІІ орын – «Астана қаласы мешіттері» командасы (100 000 теңге);
ІІІ орын – «Зейін» командасы (80 000 теңге).

Сонымен қатар турнир барысында ерекше көзге түскен ойыншылар жекелей номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, "Сұлтан" командасының ойыншысы ⁠Баязит Қанатбек "Үздік қақпашы", Райымбек Ыбырайым "Үздік қорғаушы", "Сығанақи" командасының ойыншысы Сүлеймен Таш "Үздік шабуылшы", ал "Мұнара" командасынан Рысбек Сағантаев "Көрермен көзайымы" атанды. 

Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар марапатталды. Турнир жастардың өзара достығын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға және діни ортадағы бірлікті арттыруға бағытталған игі шара болды.


















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру