Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Іс-шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов, Орталық кеңес төрағасының Бірінші орынбасары Абай Тасболатов және қос тарап өкілдері қатысты.
Меморандумның негізгі мақсаты – қоғамның рухани-адамгершілік дамуына үлес қосу, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды сақтау және ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайту бағытында екі ұйымның өзара әріптестігін дамыту.
Құжат аясында дін қызметкерлері мен ардагерлердің әлеуетін біріктіру, жастар тәрбиесіне бірлесе атсалысу, отбасылық құндылықтарды насихаттау, имандылық пен адамгершілік қағидаттарын қоғамда кеңінен орнықтыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар өңірлердегі мешіт имамдары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері арасында тұрақты байланыс орнатып, бірлескен рухани-танымдық және тәрбиелік іс-шаралар өткізу жоспарланды.
Жиын соңында ҚМДБ Төрағасы меймандарға өзінің жақында жарық көрген «Ислам және адал қоғам» кітабын табыстады.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
05.11.2026
166
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру