Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда кітап оқудан сайыс өтті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 09.11.2026 93 0 пікір
Қостанайда кітап оқудан сайыс өтті

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жуырда жарық көрген «Ислам және адал қоғам» кітабын оқудан білім сайысы өтті. 

Бұл кітап жергілікті тұрғындар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, сайысқа өңір бойынша отыз талапкер қатысты.

Байқау алдында өңірдің Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы құнды дүниенің маңызы мен мазмұнына кеңінен тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен жүлделі бірінші орынды Арқалықтан келген  Зейнолла Оразхан иеленсе, екінші орынды әулиекөлдік Ержан Жабағин, үшінші орынды Лисаков ауданының тумасы Еркебұлан Әлжан мен Алтынсарин ауданынан Айдана Сәрінжіп жеңіп алды. Ал төртінші орынды қостанайлық Бейбіт Нұрмұханов және меңдіқаралық Тоғжан Мүбәрәк қанағат тұтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру