Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл облысында рухани келісім күніне орай футболдан турнир өтті

Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі asyldin.kz 20.10.2026 45 0 пікір
Жамбыл облысында рухани келісім күніне орай футболдан турнир өтті

Шу ауданында 18 қазан – Рухани келісім күніне орай мешіт жамағаты мен дін қызметкерлері арасында кіші футболдан облыстық жарыс өтті. Спорттық доданың негізгі мақсаты — имамдар мен жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және өзара бауырмалдықты арттыру

Алаңда облысқа қарасты барлық ауданнан келген құрамалар бас қосып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.

Тартысқа толы турнир қорытындысы бойынша мынадай құрамалар жүлдеге ілікті:

І орын: «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің командасы (Бас имам мен наиб имамдар бастаған ұжым)
ІІ орын: Талас ауданының құрамасы
ІІІ орын: Меркі ауданының командасы

Сондай-ақ, ойын барысында шеберлігімен дараланған ойыншылар марапатталды:

«Үздік қақпашы» — Ерболат Боханов («Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы)
«Үздік қорғаушы» — Сүлейман Быйшанло
«Үздік шабуылшы» — Нұрболат Пернебаев (Байзақ ауданының имамы)
«Көрермен көзайымы» — Қуаныш Түзелбеков (Тұрар Рысқұлов ауданы)

Жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталса, үздік үштікке ілікпеген барлық командаға арнайы сертификаттар мен қаржылай ынталандыру сыйлықтары берілді.

Спорттық сайыстан соң қатысушыларға арналып ақ дастархан жайылды. Басқосу барысында жиналғандар тағылымды уағыз тыңдап, қоғамдағы ынтымақ пен рухани келісімнің, татулық пен бірліктің маңызы туралы ой өрбітті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру