Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Мұхаммед Уарданимен кездесті.
Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткен кездесуде еліміздегі діни білім беру жүйесін жетілдіру, білікті дін мамандарын даярлау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, «Қазақстандағы ислам өркениетінің дәстүрі: өткені, бүгіні» тақырыбындағы халықаралық конференцияда дәстүрлі исламның ғылыми-тәжірибелік негіздері, ұлттық бірегейлік, дін мен дәстүр сабақтастығы және діни білім берудің өзекті мәселелері қарастырылды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
20.10.2026
117
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру