Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

КОНФЕРЕНЦИЯ АЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРДІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 19.10.2026 169 0 пікір
КОНФЕРЕНЦИЯ АЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРДІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 25 жылдығына арналған «Қазақстандағы ислам өркениетінің дәстүрі: өткені, бүгіні» атты ХХХІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жаңадан жарық көрген ғылыми еңбектердің тұсаукесері өтті.

Қатысушыларға «Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы» оқу құралы, «Ақыт Үлімжіұлының діни дүниетанымдық идеялары», «Дәстүрлі ислам және ұлттық бірегейліктің рухани негіздері», «Қазақ мұсылмандығы және дәстүрлі ислам негіздері», «Қазақстан ғұламаларының ғылыми мұрасы (XI–XIV ғасырлар)», «Қазақ мәдениеті және ислам өркениеті: тарихи сабақтастық пен рухани үндестік» монографиялары таныстырылды. Сондай-ақ «Дәстүрлі исламды дамытудың ғылыми-әдістемелік тұжырымдамасы» көпшілік назарына ұсынылды.

2026 жылы «Қазақ кітабы» баспасынан жарық көрген еңбектерде қазақ ойшылдарының діни көзқарастары, ғұламалардың ғылыми мұрасы және ұлттық мәдениет пен ислам өркениетінің сабақтастығы қарастырылған.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру