Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, профессор Мұхаммедәлим Мұхаммедсидиков пен Өзбекстан Халықаралық ислам академиясының академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Махфуза Алимованы қабылдады.
Кездесу «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстандағы ислам өркениетінің дәстүрі: өткені, бүгіні» атты ХХХІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтті.
Қабылдау барысында бауырлас екі ел арасындағы рухани байланысты нығайту, діни білім беру және ғылыми-ағартушылық бағыттағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болды.
Бас мүфти мәртебелі меймандарға ризашылығын білдіріп, ортақ рухани мұраны дәріптеу мен дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау жолындағы әріптестіктің маңызына тоқталды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
19.10.2026
27
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру